Ақсуда тоқтап қалған 112 кәсіпкерлік нысанының 110-ы жұмысын бастады

18 Тамыз 2020, 07:48
1012
Бөлісу:
Ақсуда тоқтап қалған 112 кәсіпкерлік нысанының 110-ы жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған кәсіпкерлік нысандарында 700-ге жуық адам жұмыс жасайды.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев айтты.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес Ақсуда 700 адамды жұмыспен қамтитын 112 кәсіпкерлік нысанының жұмысы тоқтаған болатын. Жаңа қаулымен бүгіннен бастап жұмыстары қайта жанданды. Оның ішіне 85 адам жұмыс жасайтын 23 сауда нысаны, 320 бутик жалдаушысы бар, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын 3 ірі сауда үйі, 42 қоғамдық тамақтану орны мен 44 қызмет көрсету нысаны кіреді, - деді Балғабай Ыбыраев.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта 110 кәсіпкерлік нысаны InfoKazakhstan.kz сайты арқылы рұқсат алды. Алдағы 1-2 күнде қалғандары іске кіріседі. Шаһардағы жалғыз "Достық" базары да жұмысын бастаған.



Өзгелердің жаңалығы