АҚШ-Қытай арасындағы текетірес екі елдегі тауар бағасына әсер етті

7 Қараша 2019, 06:45
1692
Бөлісу:
АҚШ-Қытай арасындағы текетірес екі елдегі тауар бағасына әсер етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы екі елдің экономикасына көп залалын тигізіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz. 

БҰҰ-ның Сауда және даму бойынша конференциясы осылай деп мәлімдеді. Аталған органның баяндамасына қарағанда текетірестен екіжақты сауда айналымы күрт азайып, тұтынушылар үшін бағалар өскен. Қытай өзінің АҚШ-қа экспортының 25 процентінен айырылып, оның экономикасына биылдың алғашқы жартысында 35 миллиард доллар шығын келген.

Айта кетейік, АҚШ пен Қытай сауда соғысы бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Екі мемлекет бір-бірінен импортталатын тауарларға бірнеше мәрте баж салығын енгізді. Текетірес әлем экономикасының дамуын да тежеген. 




Өзгелердің жаңалығы