АҚШ-тың тағы бір штатында коронавирус тіркелді

13 Ақпан 2020, 10:20
1354
Бөлісу:
АҚШ-тың тағы бір штатында коронавирус тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQKZ. АҚШ-тың Сан-Диего округінде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп жазды "Хабар 24".

Бұл туралы аймақтағы ауруларды алдын алу және бақылау орталығы хабарлады. Науқас жуырда Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған. Осыған дейін АҚШ-тың әр аумағында қауіпті вирусті жұқтырғандар саны 11-ден асқаны жазылған болатын.

Ал Ұлыбритания астанасында да қауіпті вирусқа шалдыққан алғашқы науқас ауруханаға жатқызылды. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, науқас індетті Қытайда жүргенде жұқтырған.



Өзгелердің жаңалығы