АҚШ-тағы қазақ полицейі "Әлем батыры" атағын алды

22 Мамыр 2020, 14:51
7896
Бөлісу:
АҚШ-тағы қазақ полицейі "Әлем батыры" атағын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорктағы танымал қазақ полицейі Димаш Ниязов әлемдік бокс кеңесінен "Hero of the World award", яғни "Әлем батыры" атағын алды.

Құқық қорғау органының қызметкері бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. WBC ұжымына алғысын білдірген Димаш өзін "батыр" деп бағалаған оқырмандарына алғыс білдірді.

Дүниежүзілік бокс кеңесінің "Әлем батыры" марапатына ие болдым. WBC-ге және мені батыр ретінде таныған адамдарға рахмет. Мен бар ынта-жігеріммен жұмыс істеуді және жастарға үлгі болуды жалғастыра беремін. Мен осыны бағалаймын!, - деп жазды Димаш Ниязов Инстаграмда.

Өзгелердің жаңалығы