АҚШ-та әуе шарлары фестивалінде бірнеше адам зардап шекті

9 Қазан 2019, 07:17
3671
Бөлісу:
АҚШ-та әуе шарлары фестивалінде бірнеше адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Мексико штатында әуе шарының дұрыс қонбауы салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлады 24.kz.

Оқиға әуе шарлары фестивалі аясында орын алды. Ресми өкілдердің хабарлауынша, әуе шарларының қонуы кезінде өрт шыққан. Ұшқыш пен жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Осыған дейін АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Альбукерке қаласында әуе шарлары – аэростаттардың жыл сайынғы халықаралық фестивалі ұйымдастырылғанын хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы