АҚШ-та полиция тағы бір қара нәсілді адамды атып өлтірді

23 Тамыз 2020, 18:22
1910
Бөлісу:
АҚШ-та полиция тағы бір қара нәсілді адамды атып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Луизиана штатында полиция қызметкерлері ұстау кезінде қара нәсілді жігітті атып өлтірген. Құқық қорғаушылар бұл оқиғаны полицияның зорлық-зомбылығының тағы бір мысалы деп санайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Түсірілім Луизиана штатының Лафайет қаласында болған бұл атысты куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Дереккөз мәліметінше, ұсталған кезде ол қашып кетуге тырысқан, содан кейін полиция қызметкерлері электршокерлерді қолданған, бірақ бұл шаралар еш нәтиже көрсетпеген. Сол сәтте полиция оған оқ жаудыра бастаған. 31 жастағы Трейфорд Пеллериннің сол жерде қаза тапқаны айтылады. 

АҚШ полицейлері қазіргі уақытта тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы