АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды

24 Қаңтар 2020, 09:48
1628
Бөлісу:
АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар  шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген "Рухани жаңғыру" логотипі орналасқан.

Сонымен қатар, Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ағымдағы жылғы ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ американдық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы