АҚШ-та көлге ұшақ құлады

22 Желтоқсан 2019, 11:58
4113
Бөлісу:
АҚШ-та көлге ұшақ құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Массачутес көліне жеңіл моторлы Piper PA-28 ұшағы көлге құлады. Салдарынан бір адам зардап шекті.

Американың Массачутес штатында жеңіл моторлы Piper PA-28 ұшағы аударылып, көлге құлады, - деп хабарлады CBS телеарнасы.

Апат салдарынан 55 жастағы ұшқыш зардап шекті. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Әуе кемесінің бортында ұшқыштан басқа адам болмаған.

Ұшақ көлден шығарылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы