АҚШ-та дәрі-дәрмек құны төмендейді

25 Шілде 2020, 14:43
1413
Бөлісу:
АҚШ-та дәрі-дәрмек құны төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дональд Трамп Канададан арзан препараттарды импорттауға мүмкіндік беретін бірнеше жарлық шығарды деп хабарлады The Hill.

АҚШ Президенті Дональд Трамп елдегі дәрі-дәрмектің бағасын төмендету мақсатында төрт жарлыққа қол қойды. Трамп қол қойған жарлықтар өзге штаттар Канададан арзан препараттар импортын жоспарлауға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, делдалдарға арналған жеңілдіктер жүйесін жою көзделген, енді бұдан былай тұтынушылар автоматты түрде препараттардың түпкі құнымен алуы тиіс. Басқа талаптар инсулиннің бағасын төмендетуге, сондай-ақ, сақтандыру компаниялары үшін дәрі-дәрмектердің құнын реттеуге бағытталған.

Трамп фармацевтикалық өндіріс басшыларына мүмкіндік беру үшін оның жарлықтарының қолданысқа енгізілу мерзімі 25 тамызға дейін ұзартылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде Трамп коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш рет маска тағуға келісті.
 
Айта кету керек, Қазақстанда да бөлшек және көтерме сауда үшін дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленген. Қоғамдық мониторинг және бағаны бақылау үшін DARI.KZ мобильдік қосымшасы әзірленді, ол арқылы әр адам дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасын бақылай алады. Баға негізсіз қымбаттаса, қосымшаға шағым жазуға болады.
Өзгелердің жаңалығы