АҚШ-та бір күнде 2,5 мың адам коронавирустан мерт болды

16 Сәуір 2020, 10:47
1881
Бөлісу:
АҚШ-та бір күнде 2,5 мың адам коронавирустан мерт болды

Алматы, BAQ.KZ. Америкада соңғы тәулікте 2494 адам қауіпті індеттен көз жұмды, бұл күн сайынғы адам шығыны бойынша рекордтық көрсеткіш. Мұндай мәліметті  Джонс Хопкинс Университеті таратты.

Елде осы індеттен қайтыс болғандар саны 30 826 дейін өсіп, өлім барлық штатта тіркелген. Сондай-ақ АҚШ аумағында инфекция жұқтырғандар саны 637 716 адамға жеткен.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп елде инфекция таралуының жоғары шегіне жеткенін мәлімдеген еді.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо өңірде коронавирустан өлгендер саны төмендегенін айтты.

Соңғы мәліметтер бойынаша әлемде коронавиурс жұқтырғандар саны– 2 084 940  адамға жеткен,  көз жұмғандар 138 412,  сондай-ақ 508 268 адам жазылып шыққан.
Өзгелердің жаңалығы