АҚШ Түркияға қарсы санкция салды

16 Қазан 2019, 00:50
4179
Бөлісу:
АҚШ Түркияға қарсы санкция салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға санкция салды. Бұл туралы Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлады 24.kz.

Ақ үй басшысының мұндай шешім қабылдауына Түркияның Сириядағы операциясы себеп болған. Қазір шектеу шаралары мемлекеттік қызметкерлерге бағытталмақ. Бұған қоса, Вашингтон Анкарамен арадағы сауда келісімі жөніндегі келіссөздерді де тоқтататыны белгілі болды.

Сонымен қатар, Америка Түркиядан келетін болатқа баж салығын 50%-ға арттыруды көздеп отыр. Ал алдағы уақытта қаржы секторы мен виза беруге де шектеу қойылуы мүмкін.

Айта кетейік, 9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігінде күрд жасақтары мен "Ирак және Левант лаңкестік ұйымына" қарсы әскери операция бастаған еді. Осыған байланысты Дональд Трамп АҚШ әскерін Араб Республикасының солтүстігінен әкетуді бұйырған болатын.




Өзгелердің жаңалығы