АҚШ әлемдегі ең жылдам зымыран жасайды – Трамп

14 Маусым 2020, 12:10
1723
Бөлісу:
АҚШ әлемдегі ең жылдам зымыран жасайды  – Трамп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гипер дауысты зымыран 1,6 мың шақырым қашықтықты қазіргіден 17 есе артық жылдамдықпен бағындырады, деп хабарлады korrespondent.net.

АҚШ президенті Дональд Трамп ел қару-жарақ арсеналын белсенді түрде жаңартып, әлемдегі ең жылдам гипер дауысты зымыран жасақтайтынын айтты. Бұл туралы ол Вест-Пойнт әскери академиясының түлектерімен кездесуінде мәлімдеді.

Біз әлемдегі ең жылдам зымырандарға қарағанда 17 есе жылдам ұшатын гипер дауысты зымыран жасақтаймыз. Оның мақсаты - мың миль (шамамен 1,6 мың км) қашықтықты бағындыру, орталық нүктеден ауытқу 14 дюймді (шамамен 35,5 см) құрайды, - деп атап өтті америкалық көшбасшы.

Бұған дейін, мамыр айында Трамп 17 есе жылдам ұшатын «супер зымыран» әзірленіп жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы