АҚШ қазақстандық медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын жіберді

22 Сәуір 2020, 18:50
1352
Бөлісу:
АҚШ қазақстандық медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ қазақстандық медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, "СҚ-Фармация" ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті тапсыру іс-шарасына қатысты.
АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді, - делінген хабарламада.
"СҚ-Фармация" ЖШС COVID-19 коронавирус індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Өзгелердің жаңалығы