АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

10 Наурыз 2020, 13:36
1446
Бөлісу:
АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ билігі мен "Талибан" қозғалысы арасындағы келісімке сәйкес америкалық әскерилер Ауғанстаннан кете бастады. Бұл туралы "Коммерсантъ" басылымы жазды.

АҚШ пен Ауған Ислам Республикасының декларациясына және АҚШ пен "Талибан" қозғалысының келісіміне сәйкес АҚШ қарулы күштерін 135 күнде 8600 дейін қысқарту жұмыстары басталды", - делінген Пентагон таратқан хабарламада.
Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ президенті осы аптада 1 мың талибты түрмеден босату жөніндегі бұйрық әзірлеп жатыр, алайда талибтер 5 мың адамды шығаруды талап етіп отырған көрінеді.

Осы жылдың 29 ақпанында АҚШ пен "Талибан" Ауғанстанда бейбіт кезеңнінң басталғаны жөнінде келісім жасасқан. Алайда бірнеше күннен кейін талибтер Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылын қайта бастаған. Оған Ауған президенті Ашраф Ганидің тұтқында отырған 5 мың талибті босатпауы себеп болған. 10 наурызға талибтердің және Ауғанстан үкіметінің қатысуымен ауғанаралық  келісім өткізу қарастырылған.
Өзгелердің жаңалығы