Ақпараттық жүйе деректерді қорғайды – ардагер ұстаз

3 Қазан 2020, 13:15
1489
Бөлісу:
Ақпараттық жүйе деректерді қорғайды – ардагер ұстаз

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Nur Otan» партиясының мүшесі Бақыт Сейітжанова праймериз партия белсенділерін ашық таңдауға мүмкіндік беретінін айтады.

Праймериз халықпен диалог орната алатын және тұрғындардың проблемаларын шеше алатын «Nur Otan» партиясының үздік өкілдерін анықтауға мүмкіндік берді. Мен кандидаттар өткізген ашық пікірсайыстардың барысын бірнеше рет бақыладым. Алдағы сайлауларда партиялық тізімде ең мықты, елге сөзі өтетін үміткерлерді өзім үшін белгілеп отырдым. Тұңғыш енгізіліп отырған праймериз тәсілі ел өміріне тың серпіліс әкелетін, жаңашыл саясаткерлердің пайда болуына ықпал етеріне сенімдімін, - дейді ардагер ұстаз.

Оның айтуынша, электрондық дауыс беру праймериздің әділ өтуіне жол ашады.

«Праймериз» мобильді қосымшасын қолдана отырып, «Nur Otan» партиясының ең жарқын, кәсіби, адал, мақсатшыл өкілдеріне дауыс бердім. Осы ретте ақпараттық жүйе деректерді қорғауға кепілдік беретініне көзім жетті, - деп атап өтті Бақыт Сейтжанова.

Айта кетейік, Ақмола облысында «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдарының партиялық бақылау комиссияларының төрағалары сайлаудың праймериз өткізу ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқанын және қазіргі уақытта партияішілік сайлау өткізу кезінде бұзушылықтар анықталмағанын растап отыр.

Партиялық бақылау комиссиясының жанында партиялықтардан келіп түскен өтініштерге жедел ден қоятын мобильдік топтар жұмыс істейді. Өңірде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дауыс берудің барлық учаскелерінде фото және бейнебақылау жүргізілетін болады.

Ақмолалықтар маңызды дауыс беруге қатысу мүмкіндігін барынша жауапкершілікпен қабылдады: өңір бойынша «Праймериз» ақпараттық жүйесінде партия мүшелерінің 96,7% - ы тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы