Ақмола облысында жолда қалған шетелдік жолаушылар құтқарылды

25 Желтоқсан 2019, 08:56
3477
Бөлісу:
Ақмола облысында жолда қалған шетелдік жолаушылар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының аумағында "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тас жолында істен шыққан автобуста болған шетелдік 64 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 24 желтоқсанда  "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тас жолы уақытша жабылды. Аталмыш жолдың 109 шақырымында "Новосібір-Чиняевка" бағытында жүріп бара жатқан рейс автобусы істен шығып тоқтауға мәжбүр болды.

Автобустың ішінде Ресей және Тәжікстан Республикасының азаматтары болды. Көлік сынғандықтан, 64 жолаушы (оның ішінде үшеуі бала) жақын маңдағы Новомарковка орта мектебіне жайғастырылып, ыстық шәймен қамтамасыз етілді. Құтқару жұмыстарына 14 адам және 6 техника жұмылдырылды, - деді Ақмола облысының ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Қыс басталғалы бері Ақмола облысы аумағында 72 адам құтқарылды. 386 адам (оның 26-ы бала) жылыту орнына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы