Ақмола облысында алименттен жалтарғандардың қарызы 17 млн теңгеден асқан

6 Тамыз 2019, 06:55
1224
Бөлісу:
Ақмола облысында алименттен жалтарғандардың қарызы 17 млн теңгеден асқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аудан прокуратурасы жергілікті уәкілетті органдар - полиция бөлімі, сот орындаушылары, мемлекеттік кірістер басқармасы және әкімдікпен бірлесіп, мемлекет кірісіне алименттер, айыппұлдар және басқа да мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел топ арнайы жабдықталған көлік арқылы Атбасар қаласының қызу учаскелерінде автокөліктер топталған жерлерде түскі және кешкі уақытта борышкерлерді анықтауға мүмкіндік беретін мамандандырылған жүйені қолдана отырып, рейдтер жүргізді. Арнайы камералар жүріп жатқан автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркейді, алынған мәліметтер бірден жүйеде өңделеді, жүйе өз кезегінде операторға борышкерді анықтау туралы сигнал береді, содан кейін оператор патрульдік полиция батальонына осы көлік жүргізушісінің жағдайы туралы мәлімет жібереді.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеттерінің арқасында 25 – 28 шілде аралығында 232 автокөлік тоқтатылды, мемлекет кірісіне 1 миллион 250 мың теңгеден астам айыппұлдар мәжбүрлеп төленді, айыппұлдарды төлеу туралы 107 хабарлама тапсырылды, борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 5 материал дайындалды.

Атбасар ауданында алименттерді өндіріп алу туралы 249 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр, олардың жалпы қарызы 17 миллион 700 мың теңгеден асқанын атап өткен жөн.

Төтенше шараларға жол бермеу үшін - мүлікке тыйым салу, ағымдағы шоттарды, жылжымайтын мүлікті алып қою, шетелге шығуын уақытша шектеу және жүргізуші куәліктерін тоқтата тұру үшін, борышкерлер мемлекеттік кірістер алдындағы қарызды және алименттерді өтеуі керек (әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар, үкімдер бойынша айыппұлдар, іс жүргізу шығындары)).

«Борышкерлердің қарызды төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз»,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы