Ақмола облысында IQ-і жоғары оқушылар марапатталды

9 Қазан 2020, 14:53
1468
Бөлісу:
Ақмола облысында IQ-і жоғары оқушылар марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ақмола облысы Щучинск және Қызыл Жар аудандарынан IQ онлайн-лагеріне қатысқандар арасында үздіктер анықталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл  - «Волонтер жылы» болып жарияланды. Волонтер жылы аясында ел азаматтарын ортақ мүддемен игі мақсаттарға  жету жолында бірге қызмет етуге шақырған «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.  

«Қазақстан еріктілерінің альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен Ақмола облысының ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету, ҰБТ-ға дайындық, ерікті түрде көмек көрсету үшін «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 7 шілде мен 17 тамыз аралығында ауыл оқушыларына арнап IQ онлайн лагерінің екі маусымын ұйымдастырды, - делінген хабарламада.

айку2.jpeg

Лагерьге қатысу үшін әр ауданда жасақ құрылып, оған конкурстық негізде жұмыс істеуге арнайы тәлімгерлер қызмет етті. Әр жасақты 15-40 оқушы қатысып, екі маусымда олардың жалпы саны 250-ден асты. Тәлімгерлер өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады.

Лагерь аясында оқушылар тек ҰБТ мен олимпиадаларға дайындықпен шектеліп қоймай, олар математика және ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға,  Т. Айбергеновтың өлеңдерін оқитын «Жыр жауһары» сайысына қатысты. Сонымен қатар, QazaqGeography қауымдастығымен бірге интеллектуалды викториналарға қатысты.

айку1.jpeg

Лагерьге Краснояр мектебінің ұстазы Мұғжанова Жазира Сабырқызы Қызыл жар, Чайкино және Нұрлы көш ауылдарынан 40-қа жуық баланы қамтыды.

Оқушылар лагерьдің барлық тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысып, лагерь жетекшілері мен үйлестірушілері олардың күнделікті жетістіктерінің рейтингін жүргізіп, жеңімпаздарды анықтады.

айку3.jpeg

№1 Краснояр орта мектебі оқушысы Гиреева Карина - 156 балл жинап отрядтар рейтингінің жеңімпазы атанды және тиісті диплом, ноутбукпен марапатталды. 

№ 1 Краснояр орта мектебінің оқушылары планшеттермен марапатталады: Дәулетова Сабина, Қайыржан Тілеухан, Сағынай Айдын.

Щучинск қаласы  №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Әділбек Айкүміс 182 IQ-балл жинап, абсолютті жеңімпаз атанды және ол тиісті дипломмен марапатталып, ноутбукке ие болды.




Өзгелердің жаңалығы