Қарағанды облысында балаларға әлеуметтік көмек беріле бастады

21 Ақпан 2020, 09:30
1940
Бөлісу:
Қарағанды облысында балаларға әлеуметтік көмек беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін кепілді әлеуметтік пакеттер бере бастаған елдегі алғашқы өңір болды. Приозерск, Балқаш қалаларында және Бұқар Жырау, Ақтоғай аудандарында 232 отбасының 308 баласы көмек алды.

Ақпан айының соңына дейін мемлекеттен 1-ден 6 жасқа дейінгі 3 900 балаға әлеуметтік жинақ беріледі деп жоспарлануда. Олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға ғана беріледі.

Кепілді әлеуметтік пакет – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оларды оқу құрал-жабдықтарымен және формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмекті төлеу, қоғамдық көлікте жол жүру шығындарын өтеу.

04312060015822544502102202030_800x600.jpeg


 

Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленетін болады: 1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін. Бірақ әлеуметтік пакеттің құрамы әр аймақта бірдей болады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақ өнімдерімен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етіледі.
Азық-түлік себетінің құрамы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша әзірленген. Оны АӘК тағайындау кезеңінде айына бір рет беретін болады.

Жинақтар баланың күндізгі тамақтану рационын қамтамасыз етуге арналмаған, олардың мақсаты – өсіп келе жатқан ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігін өтеу.

Бұдан басқа, тоқсанына бір рет аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға (1 жастан 6 жасқа дейін) гигиеналық құралдар жиынтығы ұсынылады.
Егер отбасында төрт бала болса, онда оларға төрт азық-түлік жиынтығы және сонша гигиеналық жиынтық берілуі тиіс.
Әр өңір әлеуметтік пакеттер беру жұмыстарын жеткізу арқылы немесе арнайы пункттер арқылы ұйымдастырады.

06730110015822544492102202029_800x600.jpeg


 

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакет төрт бөліктен тұрады: мектептерде ыстық тамақ, мектеп формасы, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және қалалық көлікте жол жүрудің 50%-ын өтеу.

Мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен балалар жылына бір рет қамтамасыз етілетін болады. Бұл оқу жылы басталар алдында тамыз айында берілетін сатып алу сертификаттары болуы мүмкін.

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша АӘК тағайындау механизмі оның айқындылығын, әділдігін және еңбекке деген уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында түзетілді. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кешенді түрде іске асырылады және келесідей шаралар мен жеңілдіктерді қамтиды: 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы; жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілді әлеуметтік пакет.

Өзгелердің жаңалығы