А гепатитінің профилактикасы қандай?

6 Маусым 2023, 09:47
921
Бөлісу:
А гепатитінің профилактикасы қандай?
Фото: Артём Чурсинов Архив

А гепатитінің профилактикасы қандай? Осы сұрақты ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожаповадан сұрап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

А вирустық гепатиті деген не?

А вирустық гепатиті – вирус көзі науқас адам болып табылатын жіті инфекциялық ауру. Гепатиттің қоздырғышы – вирустардың ішек тобына жататын вирус. Вирус ағзаға ішек инфекцияларына тән: су, тағамдық және тұрмыстық-қарым-қатынас жолдарымен түседі, - деді басшысы Роза Қожапова.

Бұл ретте берілу факторлары: лас қолдар, сондай-ақ вирус жұқтырған барлық зат (азық-түлік, көкөністер, жемістер, жидектер, аскөк).

Жұқтыру шаруашылық-нәжіс ағындарымен ластанған су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін. Сарғаюсыз, аурудың белгісі аз және субклиникалық нұсқалары бар адамдарда негізгі эпидемиологиялық маңызы бар. Вирус бауырды зақымдайды, вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі, - деді ол.

Маманның айтуынша, вирус сау адамның ағзасына түскеннен кейін жасырын өтеді, инкубация деп аталатын жасырын кезең А гепатиті кезінде 14 күннен 35 күнге дейін созылады. Содан кейін аурудың белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тәбет төмендейді, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу байқалады. Көптеген ауырған адамдарда катаралдық құбылыс, тамақтың қызаруы байқалады. Зәр қараяды, сыраның түсіне ұқсайды, керісінше нәжіс ағарады.

А гепатитінің вирусы сарғаю пайда болғаннан бұрын науқастың нәжісімен бөліне бастайды, яғни сарғаю кезеңінің алдында пайда болады. Аурудың осы кезеңінде ауырған адамдар айналасындағылар үшін барынша қауіпті болып табылады. Сарғаю кезеңінің пайда болуымен (көздің ағының және тері жабындарының боялуы) вирустың бөлінуі күрт азаяды және жұқтыру күрт төмендейді. Ауырып сауыққаннан кейін тұрақты, өмірлік иммунитет пайда болады. Профилактикалық шараларды сақтау арқылы аурудың алдын алуға болады.

А гепатитінің профилактикалық шаралары қандай?

- тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан, серуеннен қайтып оралған кезде қолды жуу;

- ашық су айдындарынан, қайнамаған суды ішпеу;

- ағынды сумен жемістер мен көкөністерді жуу;

- шайынды сулар түсуі мүмкін су айдындарында шомылмау;

- адамдар болатын үй-жайларда: үйде, жұмыста, қоғамдық тамақтану объектілерінде, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптік үй-жайларда тазалықты сақтау;

- экзотикалық өнімдерді, әсіресе шикі устрицаны, мидия, моллюскаларды тұтынбау.

А вирустық гепатитінің алдын алу үшін ерекше профилактика бар – вакцинациялау. Вакцинациялауға:

1) екі жастағы балалар;

2) А вирустық гепатиті ошақтарында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда, он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;

3) 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі адамдар жатады.

Бұдан басқа, егер сіз ыстық елдерге (Африка, Оңтүстік Шығыс Азия, Латын Америкасы) туристік саяхатқа баратын болсаңыз, А гепатитіне қарсы вакцинациялаудан өтіңіз.

Өзгелердің жаңалығы