ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

21 Қаңтар 2019, 18:03
14686
Бөлісу:
ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 18-19 қаңтар күндері елімізде биылғы жылдың алғашқы ақылы ҰБТ тапсырылған болатын. Тілшіміз Ержан Жаубай БАҚ өкілі ретінде мемлекеттік комиссияның құрамында болды. Осы екі күн бақылау барысында көрген ҰБТ «қызықтарын» назарларыңызға ұсынып көрейік.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Тестті алғашқы болып 11-сынып оқушылары, 1 курстағы ақылы бөлім студенттері мен университеттегі «условниктер» -  шартты түрде оқуға қабылданған студенттер тапсырды. Бұл жерде «условниктердің» жағдайына шамалы тоқтала кетейін. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Шартты түрде қабылданған студенттер бұған дейін бір семестрдің оқу ақысын төлеп қойған. Егер осы алғашқы ҰБТ-дан 50 немесе одан жоғары ұпай жинаса - оқуды жалғастырады; ал 50 ұпайға жетпесе – оқуын жалғастыра алмайды.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

 ҰБТ Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетте өтті.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Тестті алғашқы күні 579 түлек тапсыруы тиіс еді. 8 бала келмей қалды. Екеуі ауырып қалғанын айтыпты, екеуі өздері тапсырмайтынын жеткізген. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

3 сағат 50 минутқа созылған тестілеуде алғашқы тапсырушы 1 сағат 15 минутта бітті. Мәлика Құлақұнанова есімді қыз 62 мектеп-лицейінде 11 сынып оқиды екен. Болашақта журналист болғысы келеді. Сондықтан екі-ақ пәннен тапсырған.

«Қиын болды, әр пәннен 20 ұпай жинау керек. 30 ұпай жинадым деп ойлаймын. Бұған дейін мектепте бақылау тесттерін тапсырғанмын. Алайда, арнайы орында тапсыру басқаша болады екен» - дейді ол. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Тестілеудің алғашқы күні 13 тапсырушы дәрігер көмегіне жүгінді. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Тест тапсыруды басты ұйымдастыру жұмыстарының бірі – тапсырушыларды тексеріп кіргізу. Бұл жұмыста арнайы құрылғымен ұлдарды жігіттер, қыздарды әйелдер тексеріп кіргізді. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

571 тапсырушысының 280-інен ұялы телефон табылды. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Тіпті, бір өзі 4 телефонмен келгендер болды.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Алғашқы күні ешқандай заң бұзушылық, тәртіпсіздік тіркелген жоқ.

ҰБТ тапсырудың екінші күні

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Алғашқы күні тапсырғандардың арасында ең жоғары ұпай – 124, ең төмені – 9 болғаны анықталды. Орташа ұпай 57 болды. 1 оқушы аппеляция берді.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Екінші күні 473 түлек ҰБТ тапсыруы керек еді. 19 бала келмей қалды.

Осы жерде ҰБТ тапсыру барысындағы бірнеше «қызықты» оқиғаны айта кету керек. 

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Біріншіден, тестілеу парақтарында, тест сұрақтарында баспа қателері бар екенін айта кеткен орынды. Сондықтан тест парағын басатын баспахана мұқият болғаны дұрыс.

Осыдан тура 16 жыл бұрын ҰБТ тапсырған едім. Ол еліміздегі  ҰБТ науқанының алғашқы жылдары еді. Қазіргідей металл іздейтін құрылғымен тексермейтін. Бірақ ол кездерде металл іздеушімен тінтетіндей ұялы телефон да жоқ болатын. Бертін келе, «Қазақстан» деген шоколадтың ішкі орамындағы фольганы металл іздеуші көрмейді екен» деген қауесет тарап еді ҰБТ тапсырушылар арасында.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Ал осы ҰБТ-да бұл тұжырымның жалған екенін көз көрді. Мінеки, металл іздеуші тауып алған фольгаға оралған телефон:

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Бақылаушылар ҰБТ тапсырушылардан алған ұялы телефондарын өшіріп берулерін сұрайды. Дегенмен, асығыста, болмаса өшірдім деп ойлап, өшпей қалған бірнеше ұялы телефон 3 сағат бойы безектеумен болды. Келіп жатқан түрлі SMS-тердің еріксіз куәсі болдық.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Сыртта тұрған ата-ананың баласына алаңдайтыны анық. Бірақ сол алаңдау кейде баласына кері әсерін тигізеді. Ендеше SMS-ке жауап келмесе, баланың ұялы телефоны бақылаушылардың қолында екенін ата-ана түсінуі керек.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Екінші күні 8 тапсырушы дәрігер көмегіне жүгінді. 454 тапсырушының ішінде ең жоғары ұпай – 125, ең төменгі ұпай – 11 болды. Орташа ұпай – 59. Бұл күні аппеляция жасаған ешкім болған жоқ.

ҰБТ-2019: фольгаға оралған телефон

Дәретханада ұялы телефон пайдаланған тапсырушылар, камерадан бақылаған кездегі  түлектердің қимыл-қозғалысы, металл іздеушіден жасыру үшін гаджетті жасыратын  құйтырқылықтар туралы жаза беру артық болар. Ол онсызда жыл сайынғы ҰБТ-да кездесетін жағдайлар.

Ал жалпы, ҰБТ барысы, оның ерекшеліктері жайлы мына жерден оқуға болады.

Ержан Жаубай, фото - автордыкі.


Өзгелердің жаңалығы