Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

6 Қыркүйек 2019, 20:12
2047
Бөлісу:
Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері, 7-8 қыркүйекте көпфункционалды «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.

«Алматы челленджді Нұр-Сұлтаннан қабылдады.Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», - деді Рүстем Байсейітов.

Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшы Қанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», - деп атап өтті Қанат Ислам.

Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте, таңғы сағат 10-00-де басталады.

Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді:

- Streetball 3*3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары)

- Workout (freestyle және base wars)

- Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)

- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. BMX Freestyle Show

- Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)

Өзгелердің жаңалығы