Отандық киім брендтері әлемдік брендтермен қатар сатылады

6 Наурыз 2020, 15:20
10997
Бөлісу:
Отандық киім брендтері әлемдік брендтермен қатар сатылады
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет қазір көптеген өндіріс орнынан өнімдерін шетелге экспорттауын талап етеді. Бұл дұрыс емес. Алдымен біз ішкі сұранысты қамтамасыз етіп алуымыз керек. Күш жинап, жан-жақты дамуымыз керек. 

IMG_20200305_113618.jpg

Бұл туралы балалар киім-кешегін өндіретін отандық Mimioriki кәсіпорынның бас директоры Инна Апенко мәлім етті.

IMG_20200305_113924.jpg

Оның айтуынша, отандық кәсіпорындар алдымен ел ішінде күш жинап, аяқтан тұрып алу керек, содан кейін барып қана шетелге шыға алады.

IMG_20200305_114323.jpg

Осыдан 5 жыл бұрын Украинада серіктес екі дүкен аштық, ол біз үшін өте ауыр болды. Шетелде бәсекелестік жоғары. Өнімің олардікіне қарағанда оқ бойы озық тұруы керек. Өнімді жеткізу жағы бар, логистиканың қымбатшылығын бәрін ескеруің керек. Яғни шетелге шығу үшін үлкен инвестицияң болғаны жөн. Украинадағы жағдайға байланысты олармен байланысымыз үзілді. Қазір Ресей нарығына шығып жүрміз. Оның үстіне онлайн сауда етек алып келеді, алдағы уақытта ол әлем бойынша дами береді. Бұл біз үшін ыңғайлы,-дейді кәсіпорын басшысы.

IMG_20200305_122007.jpg

Балалар киімін тігумен айналысатын бұл кәсіпорын Талғар қаласында орналасқан және тағы екі шеберханасы Текелі қаласында жұмыс істеп тұр. 180 адамды жұмыспен қамтып отырған фабрика жылына 250 мыңға жуық өнім шығарады. Ал, шикізатты Түркиядан жеткізеді екен, айтуларынша елімізде балалар киімін жасауға арналған сапалы материал өндірілмейді.

IMG_20200305_114531.jpg

Біздің киімдердің барлығы гипоаллергенді табиғи мақтадан жасалады, қазір оны эко киім деп те атап жүр. Еліміз мақтаны көп мөлшерде экспорттайды, алайда оның сұрыпы төмен, бізге жарамсыз. Балалар киімі жоғары сапалы мақтадан тігіледі. Бұл елімізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі жасап тұрған басты мәселе емес. Өйткені көптеген елде шикізат жоқ, бірақ оларда тігін өндірісі жақсы дамуда, - дейді И. Апенко.

IMG_20200305_114812.jpg

Аталған кәсіпорын ел ішінде балалар киімінің толық циклін қамтыған тұңғыш қазақстандық бренд. Былтыр кәсіпорынынң құрылғанына 10 жыл толған. Компания елдің ірі қалаларында көпбрендті дүкендер желісіне ие. Бұдан бөлек, өнімдерін Ресейге экспортқа шығарады. Көптеген сыйлыққа, оның ішінде өнімінің сапасы үшін "Алтын Сапа" президенттік сыйлығына, Қазақстандағы "Жыл Франшизасы" байқауында Бас жүлдеге және Ресей Модасында жеңіске ие жеткен.

IMG_20200305_114847.jpg

Кәсіпорынның алдағы 5-10 жылға деген өз жоспары бар. Жақында Disney компаниясымен келісім шарт жасасқан. Яғни Disney мульфильмдеріндегі сүйікті кейіпкерлер бейнеленген өнімдер шығаруға рұқсат алған. Ондай өнімдерді тек Қазақстан ішінде ғана сата алады екен. Жақын арада тағы 1-2 брендті киім шығаратындары да белгілі болды. Ол тек балалар киімі емес, жалпыға арналған бренд болмақ.

IMG_20200305_115521.jpg

Қазір отандық брендтер Америкада әлемдік брендтермен қатар саудалануда. Бұл қазақстандық өнімге деген көзқарасты өзгертіп жатыр. Көпшілік біз киім тіге алмаймыз деп ойлайды. Қасымызда Қытай тұр, нарықты жаулап алған деген ойда. Яғни халық біздің өнім Қытайдікінен де арзан немесе тегін болу деген көзқараста. Дегенмен мұндай ойды өзгертетін адамдар пайда болып жатыр. Мәселен, Бейбіт Әлібековтың киімдері Америкадағы Saks Fifth Avenue бутиктеріне қойылды. Бұл да үлкен жетістік. Сондықтан Қазақстандық жалаумен біз де өз өнімдерімізді шығарып жатырмыз,-дейді кәсіпорын басшысы.

IMG_20200305_115528.jpg 

Фабрика басшысы елімізде жеңіл өнеркәсіп баяу дамып жатқанын және мемлекет тарапынан тікелей қолдау жоқ екенін айтады. Дегенмен кәсіпкерлерді қолдауға аранлған тетіктер бар көрінеді. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған несие алуға болады екен. Бірақ кейбір кәсіпорындар үшін ондай жеңілдіктерді жиі қолдана бермейдіз, көп жағдайда олар тиімсіз.

IMG_20200305_123806.jpg

Осыдан үш жыл бұрын "Қазбренд" атты кәсіпкерлерге бейімделген жобаны қолға алған едік. Ол отандық брендпен киім өндіретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталған. Оны Түркия тәжірибесінен алдық. Өйткені олар 15 жылдың ішінде әлем бойынша 150 киім брендін дамытып шығарды. Міне, біз соны негізге ала отырып бағдарламаны өзіміз жазып шықтық. Оны Сенатта да, тіптен Елбасының алдында да таныстырдық. Барлық жағдайда қолдауға ие болды, бірақ Қаржы министрлігіне жеткенде елде қаражат жоқтығын айтты. Сонымен ол бағдарлама жауапсыз қалды. Негізінен ол елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бастар жол еді,-дей   ді Инна Апенко.

IMG_20200305_120244.jpg

Оның айтуынша, көрші Қырғызстан мен Өзбекстанға қарағанда біздегі жеңіл өнеркәсіп саласы мемлекетке аса қызықты емес. Ол елдерде киім тігу ісі өте жылдам дамып жатыр, мемлекет тарапынан да қолдау көп көрінеді.

IMG_20200305_120146.jpg

Мәселен, Өзбекстанда өнімін шетелге экспорттайтын тігін шеберханалары ешқандай салық төлемейді. Бізге де осындай қолдаулар керек. Бұл көптеген кәсіпорының аяқтан тұруына септігін тигізер еді. Бірде шенеуніктердің бірі маған "сіздердің кәсіп орындарыңыз шөлді жерде өсіп шыққан жалғыз апельсин талы сияқты" деп еді. Олар шөлді жерде апельсин өсіруге болмайды деген түсінікте,-дейді ол.

IMG_20200305_115924.jpg

Фабрика басшысы сондай-ақ, елімізде білікті тігіншілерді табу да қиындағанын жеткізді.

IMG_20200305_115902.jpg

Қазір білікті тігіншілерді табу өте қиын. Тігін цехында жұмыс істейтін қыздарды өзіміз үйретіп жатырмыз. Мұның бәрі уақыт алады. Оның үстіне Алматыда өндіріс орнын ұстау күн өткен сайын қымбатқа түсуде. Сондықтан шеберханаларды облыста ұстау тимді болып отыр,-дейді ол.

IMG_20200305_115837.jpg

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтің дерегінше, соңғы он жылда еліміздің жеңіл өнеркісібі 1,5 есеге өскен. Киім өндірісі екі есе артса, былғарыдан жасалатын өнімдер 1,4 есеге өскен. Бұл туралы ол жақында ҚР Сенатында болған тыңдалымда айтты.

IMG_20200305_114941.jpg

2019 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісі 13,5% артып, 113 млрд теңгені құраған. Негізгі үлес текстил өндірісіне тиесілі - 57%, киім өндірісі - 31%, былғарыдан жасалатын өнімдер - 12%. Министрдің дерегінше, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп ЖІӨ-нің 0,1% және жұмыспен қамтылғандардың 0,3% құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы