Димашқа дауыс бер!

Димашқа дауыс бер!
7100

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық Adagio WORLD ән айту жүлдесіне номинант Димаш Құдайбергенге 25 желтоқсанға дейін дауыс беруге болады. 

Adagio WORLD — ән айту саласындағы халықаралық жүлде. Тәуелсіз музыкалық жүлдеде тыңдармандар номинантттардың өнеріне баға береді. Димаш Құдайбергенге келесі сілтеме арқылы http://www.adagio.world/ дауыс беруге болады.

Биыл жүлдені ұйымдастырушылар ашық дауыс беруге 15 номинантты таңдап алды. Сондай-ақ тыңдармандар арасындағы танымалдылығ мен интернеттегі видеолардың қаралым саны да ескерілді.

Қазір Димаш 159 мың дауыспен 1-орында келеді. Атақты әнші Лариа Фабианның өзінде әзірге 152 мың дауыс бар. 

Номинанттарға 2019 жылдың 25 қарашасынан 25 желтоқсанына дейін әлемнің кез келген азаматы дауыс бере алады. 

Айта кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келер жылы 9 наурызда Мәскеуде екінші жеке концертін береді. Ал желтоқсанда Нью-Йоркте әншінің үлкен концерті өтпек.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы