96 мың қазақстандық баспана алу үшін зейнетақы жинағын пайдаланды

20 Ақпан 2021, 12:49
1567
Бөлісу:
96 мың қазақстандық баспана алу үшін зейнетақы жинағын пайдаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы сомасы 520 млрд теңгеге 96 602 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелген.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлағандай, 2021 жылдың 18 ақпандағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 142 951 өтініш келіп түсті, - делінген хабарламада.

Оның ішінде 1 213 өтініш жұмысқа қабылданса, 45 136 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. 

Жалпы сомасы 520 млрд теңгеге 96 602 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 млн теңге.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері: 

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті. 
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Өзгелердің жаңалығы