9 желтоқсанда «Адал тұлға» ұлттық сыйлығы өтеді

8 Желтоқсан 2020, 11:58
1554
Бөлісу:
9 желтоқсанда «Адал тұлға» ұлттық сыйлығы өтеді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Facebоok әлеуметтік желісінде өткен онлайн сұхбат барысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының қорытындылары туралы айтып берді.

Біз 9 желтоқсанда «Адал тұлға» ұлттық сыйлығын осымен 8-жыл қатарынан өткізгелі отырмыз. Бұл – еліміздің әр өңіріндегі белсенді тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, блогерлердің басын қосатын алаң. Бұған дейін осындай белсенді азаматтар бір жерге жиналатын еді, биыл жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырдық, - деді ол.  

Төлеген Байғұлов тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Бұл жоба 2011 жылы басталды. Қазақстан бойынша 1960-1990 жылдары салынған үйлер ескі. Осындай үйлерді жөндеу жұмыстарына мемлекеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қаржы бөлінеді. Тұрғындар оны 15 жылдың ішінде кері қайтаруы керек. Ал кейбір құрылыс, жөндеу жұмыстарын жасаған компаниялар сапасыз жасайды. Тұрғын бір жағынан мемлекеттің қаржысын қайтаруы керек, сапасыз құрылыстың салдары тағы бар. Тұрғын өз мәселесімен бетпе-бет қалады. Осындай жағдайда біз қоғамдық бақылау жүргіземіз. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компаниялардың жұмысына қатысты заң бойынша екі жылдан төмен болмауы керек деген кепілдік мерзімі бар. Біз осы мерзімді 5 жылға көтеріп жатырмыз. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсініспеушілік болмас үшін цифрландыру жүйесін енгізудеміз. Яғни, қандай компанияның қызметін алатынын, тұрғын үйдің қай бөлігі жөндеуге берілетінін тұрғындар өздері шешеді. Жиналысқа арнайы мобильді қосымша арқылы қатысады. Жұмысқа жергілікті әкімдіктің қатысы болмайды, тікелей тұрғындар мен компания арасында ғана ашық жүргізіледі, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы