9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

9 Қаңтар 2024, 07:35
458
Бөлісу:
9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» ел аумағында 9 қаңтарда тұман түсіп, қатты жел тұрады, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз, - деп жазылған хабарламада.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы