9 өңірде дауылды ескерту жарияланды - ТЖМ

2 Наурыз 2021, 12:05
2108
Бөлісу:
9 өңірде дауылды ескерту жарияланды - ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қыс кезеңінің басынан бастап республика бойынша 1 063 дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожол учаскелері 682 рет жабылды, жүк және жолаушы автокөліктері үшін 233 рет қозғалысқа шектеу енгізілді.

1 240-тан аса адам құтқарылып, эвакуацияланды, 97 жылыту пункті жұмылдырылды, 439 техника құтқарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, "Қазавтожол"-дан және жергілікті атқарушы органдардан 5 мыңнан аса адам және 1 396 техника жұмылдырылды, - деп айтты министр.

Оның сөзінше, халықты ТЖ қаупі туралы ескерту мақсатында тұрғындардың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы sms-хабарлама, сондай-ақ «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы да хабарлама жіберілді. 

Қазір абоненттер саны өсіп келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда қар құрсауына түскен көліктер саны едәуір азайды. Жергілікті атқарушы органдар жолдардың қозғалысын шектеу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Дегенмен айтылған фактілер бойынша барлық адам бірдей ТЖ ескертуін орындай бермейді. Осындай уақытта құтқарушылар жолда қалғандарды құтқаруға шығады, - дейді Ильин.

Министр атап өткендей, өткен аптада ауа райы құбылмалы болды. Қазіргі жағдай бойынша Қазгидромет деректері бойынша 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Олар Шымкент, Ақмола, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары. 

Сондай-ақ 3 өңір учаскелерінде жолдар жабық. Қыс мезгілі күнтізбе бойынша аяқталды. Дегенмен орталық Қазақстанға жаңа циклон жақындап келеді. Желдің күшеюінен аталған өңірлерде ТЖ болуы мүмкін, - деді министр Юрий Ильин.


Өзгелердің жаңалығы