9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 Желтоқсан 2022, 08:08
1466
Бөлісу:
9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 2 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман болады

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы