9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31 Қазан 2022, 21:30
1457
Бөлісу:
9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

1 қарашада түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Оралда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Семей қаласында түнде тұман күтіледі.

Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Атырауда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы