9 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс бастауға рұқсат алды

17 Тамыз 2020, 12:41
1612
Бөлісу:
9 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс бастауға рұқсат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап бизнес локдауннан шығады, деп жазды, atameken.kz сайты. 


Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, автосалондар, балалар білім беру мекемелерін қоса алғанда бірқатар кәсіпкерлік субъектілерге қойылған шектеулер алынып тасталады. Қазақстандық кәсіпкерлер екі күнде сайтқа 17 мыңнан астам өтініш жіберіп үлгерген. 

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Бұл жұмысты қайта бастаудың міндетті шарты, оны бұзу айыппұлдық санкцияларға әкеп соғады.

Бұл платформа "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Оның интерфейсі оңай әрі қарапайым, формаларды толтыру небәрі 15 минут уақыт алады. 
17 мыңнан астам кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгерді, соның ішінде 9444 кәсіпкер нысандарын іске қосуға рұқсат алды. Алғашқы өтінім порталдың жұмыс істеу уақытынан бір минут өтпестен Қарағандыдан түсті. Ресурспен Алматы облысы(2761 өтінім) және Алматы қаласының (2 401 өтінім) бизнес-қоғамдастығы анағұрлым белсенді қолдануда.Пайдаланушылардың белсенділігі сағат 13:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта жоғары, - делінген ақпаратта.
Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін). Сонымен қатар, t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады.



Өзгелердің жаңалығы