9 айда облыс экономикасына 410 млрд теңге инвестиция тартылды – Оразалин

6 Қараша 2020, 14:15
1588
Бөлісу:
9 айда облыс экономикасына  410 млрд теңге инвестиция тартылды – Оразалин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан тұрғындардың әл-ауқатын арттыру,  мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша шаралар,  сонымен қатар, өңірдің 2020 жылдың тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Ақтөбе облысында пандемия мен шектеу шараларына қарамастан барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп көлемі 100,1%, инвестиция –108,8%, ауыл шаруашылығы –104,1%, құрылыс –116,4%, тұрғын үйлердің пайдалануға беруілуі -103,6%. Инфляция орташа республикалық деңгейден төмен ( облыс - 104,6%, ҚР -104,9%), - деді ол.

Аймақ басщысы 9 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына  410 млрд теңге инвестиция тартылғанын, оның 19,5%-ы шетелдік инвестициялар екенін жеткізді.

Жалпы, биыл өңірде 1 200 жұмыс орнын ашатын, құны 140,2 млрд теңге болатын 26 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 54,5 млрд теңгеге 7 жоба ендігі пайдалануға беріліп, 330 жұмыс орны құрылды. Инвестиция тарту жұмыстары 2021 жылы да жалғасатын болады. 150 млрд теңгеге 18 жоба жүзеге асырылып, 2 200-ден астам жұмыс орны құрылады, - деді әкім.

Оңдасын Оразалин пандемия кезінде шағын және орта бизнестің айтарлықтай зардап шеккенін атап өтті. Соған байланысты өңірде осы саланы қолдау және әрі қарай дамыту сұрақтарына баса назар аударылып жатыр.

Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдерін шағын және орта бизнестің 1 300-ден аса жобасы пайдаланды, 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21%-ға көбірек. Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы» аясында ШОБ-тің 392 жобасы қолдау тауып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 100 жоба, «Еңбек» бағдарламасы аясында 811 жоба мақұлданды. Осы жылдың басынан бері ақтөбелік шаруалар 236,4 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін өндірді, - деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, өңірде жеке тұрғын үй құрылысы дамып, "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 558 мың м2 баспана (3 785 пәтер) пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 1 млн м2 тұрғын үйді (7 200 пәтер) тапсыру жоспарланып отыр.

Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған 1084 отбасыға пәтер беру жоспарда бар. Олардың ішінде 458 отбасы баспаналы болса, соның ішінде 222 отбасы - әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатады, 236 отбасы - көпбалалы отбасылар, - деді әкім.
Өзгелердің жаңалығы