860 мың теңге пара берген. Зергерлік бұйымды заңсыз әкелген азамат ұсталды

20 Қазан 2023, 12:28
637
Бөлісу:
860 мың теңге пара берген. Зергерлік бұйымды заңсыз әкелген азамат ұсталды
Фото: скрин

Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңге.

Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы