Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысында айтты.
Тоғжанов Ashyq бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп отырғанын айтты.Эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің ерекше бақылауында. Өңірлерге вакцина жеткілікті көлемде жеткізілді. Өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру үшін келесі шаралар бойынша нақты тапсырма қабылдау қажет. Біріншіден, барлық әкімнен жаппай вакцинациялау бойынша халықты ақпараттандыруды сұраймыз. Ай соңына дейін халықтың вакцинациялауға жататын көлемінің 20 пайызына вакцина қамтамасыз етілді. Әкімдіктер вакцинациялау бойынша жұмысты күшейтуі қажет, - деді ол.
Бағдарлама қоғамдық орындарға кірмек болған 809 ауру жұқтырған және 340 байланысты болған адамды анықтады. Сондықтан әкімдер кәсіпкерлік субъектілеріне қосымшаны енгізу бойынша жұмыс жүргізу керек. Қабылданған шектеу шараларының қатаң сақталуын қадағалау қажет. Бүгінде Алматы, Шымкент, Түркістан, ШҚО-да бұл жұмыстар белсенді жүргізілуде. Алайда Ақмола, БҚО, Қызылорда облыстарында жұмыс бәсеңдеп отыр, - деді Тоғжанов.