Жаңаөзенде 8 жасар бала әткеншекте асылып қалды

24 Тамыз 2020, 20:35
1600
Бөлісу:
Жаңаөзенде 8 жасар бала әткеншекте асылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде әткеншекте асылып қалған 8 жасар бала табылды, деп хабарланды ИнАктау сайтында.

Қайғылы оқиға Рахат ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде болған.

Сағат 20:30-да 103 нөміріне қоңырау шалынды. Медицина қызметкерлері келіп жеткенде сәкіде баланың денесі табылды.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, баланы қарап шығу кезінде оның денесінен соққы іздері, қинап өлтіру әрекеті байқалмады. 

Баланың мойнында қылқыну белгісі болды, - деді медицина қызметкерлері

Анасының айтуынша, үй ауласында асылып тұрған баласын бірінші болып өзі көрген. Баланың денесі әткеншек арқанына ілініп тұрған.

Қазір Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы