8 қалада ауа ластанады

25 Қаңтар 2024, 05:27
341
Бөлісу:
8 қалада ауа ластанады
Фото: архив

Бүгін 8 қалада жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ«Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 25 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы