8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады?

3 Наурыз 2022, 14:49
4060
Бөлісу:
8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында барлық әйел қауымы асыға күтетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Қыз-келіншектердің құшағы гүлге толатын бұл ерекше мейрамның бастауы алғашында өзге мақсатта болған. 

Мерекенің тарихы 1857 жылы Нью-Йорк қаласында әйелдердің ауыр еңбек жағдайларына қарсы митингке шығуымен байланысты. Ал 1910 жылы Клара Цеткин сол оқиғаларды еске алу үшін 8 наурызды халықаралық әйелдер күніне айналдыруды ұсынды.

Әйелдер құқығы үшін күресті білдірген бұл мейрам жылдар өте келе саяси мағынасын жоғалтып, көктем, сұлулық және әйелдерге деген құрметті насихаттайтын мерекеге айналды.

Алайда бұл күн барлық елде ресми түрде аталып өтілмейді. Мысалы, Америка мен Ұлыбританияда мұндай мереке жоқ.

Ал Қазақстанда 8 наурыз күні жасы мен мәртебесіне қарамастан барлық қыз-келіншектер мен аналарды, әжелер мен апа-қарындастарды, құрбылар мен әріптестерді құттықтайды. Наурыз айы басталысымен ер азаматтар жақын адамын қуантуға асығып, қандай сыйлық беруге болатыны жайлы ойланады. Сыйлықты жасына, қызығушылығы мен мамандығына қарай таңдаған дұрыс. Сондықтан сіздерге осы материалда сыйлықтар топтамасын ұсынамыз.

 Аналарға

Әрине, көп нәрсе оның жасына, өмір салты мен қалауына байланысты. Біреуіне көңіл бөлудің өзі жеткілікті болса, екіншісі есте қаларлық сыйлық болғанын қалайды. Сондықтан осы жинақта анаңызға сәйкес келетінін сыйлықты таба аласыз:

  • Ауа ылғалдандырғыш;
  • Сүйікті иіссуы;
  • Косметика өнімдері;
  • СПА салонына арналған сертификат;
  • Стильді шарф немесе палантин;
  • Зергерлік бұйымдар;
  • Ерекше шам;
  • Қалауына қарай шоу немесе концертке, мұражайға билеттер.

 Қыздар мен жасөпірімдерге

Қыздар, жасөспірімдер әрқашан сәнді әрі актуалды заттарға қызығады. Сондықтан, жас ерекшелігіне сәйкес қалауын алып берген дұрыс:

  • Балалар косметикасы;
  • Косметика немесе парфюмерия дүкеніне сертификат;
  • Әшекейлер;
  • Сымсыз құлаққап;
  • Шопинг;
  • Фотосессия;
  • Қызықты квест немесе шеберлік сағаттарына жолдама;
  • Смартфон;
  • Смарт сағат;
  • Өзге қалаға отбасылық саяхат.

 Сүйіктіңізге

Сүйікті адам әрқашан қамқорлық пен көңіл, махаббат пен құрмет көрсетілгенін қалайды. Сондықтан сыйлықпен бірге шынайы сезіміңізді де білдірген жөн. Ал төмендегі топтамадан не сыйлауға болатынын оқи аласыз:

  • 10 жылға дейін сақталатын қораптағы раушан;
  • 3D шам;
  • Зергерлік бұйымдар немесе актуалды әшекейлер;
  • Сүйікті парфюмдік өнімі;
  • Стильді әмиян;
  • СПА сертификаты;
  • Қолдан жасалған тәттілер (шоколадты құлпынай);
  • Есте қалатын романтикалық кездесу немесе саяхатқа жолдама.

  Жұбайыңызға

Өзіңіздің сүйікті жұбайыңызбен неғұрлым ұзақ өмір сүрген сайын, соғұрлым жақсы тани түсесіз. Сондықтан қалауына құлақ түріп жүрген абзал. Әрине, сыйлықтарды таңдау оңай емес. Ал бұл топтама сізге көмектеседі деп үміттенеміз:

  • Смарт сағат;
  • Фитнес білезік;
  • Романтикалық кешкі ас;
  • СПА сертификаты;
  • Бокс жиынтықтар (косметика, кітап, ыдыс, т.б.);
  • Мастер-класстарға жолдама;
  • Концерт немесе театр билеттері.

    Әпкеңізге

Әпкеңіздің қанша жаста екенін білмесек те, бұл топтамадағы сыйлықтар кез-келген жас пен талғамға ұнайды деп сенеміз:

  • Сыйлық жиынтығы;
  • Қолдан жасалған сабын;
  • Кітап;
  • Жазбаларға арналған магниттік тақталар;
  • Тәттілер қорабы;
  • Алтын немесе күміс алқа;
  • Дизайнерлік сағат;
  • Суретке түсуге арналған жарық түсіруші лампа;
  • Үстел ойындарына арналған құралдар;
  • Шығармашылық жұмысқа арналған құрал-жабдықтар.

     Әжеңізге

Ал әжеңізге шын көңілден берілген кез-келген сыйлық ұнайтыны сөзсіз:

  • Қолтаңбасы бар түпнұсқа фотожиектеме;
  • Жібек орамал;
  • Ортопедиялық жастық;
  • Есімі жазылған атаулы қойындәптер;
  • Тәттілердің сыйлық жиынтығы;
  • Әмиян;
  • Хоббиге, қолөнерге арналған құралдар;
  • Жарығы бар үлкейткіш.

    Әріптестеріңізге

Әріптеске арналған сыйлық бейтарап, пайдалы және жағымды болуы керек. 

  • Скетчбук;
  • Пазл;
  • Флорариум;
  • Үстелге арналған кеңселік бұйым;
  • Қолшатыр;
  • USB жылытқышы бар кружка;
  • Тәттілер.

Сонымен, 8 наурызда берілетін сыйлықтар – әртүрлі баға санатындағы өнімдердің үлкен таңдауы. Сыйлық таңдауда қателеспес үшін әйел мәртебесіне, оның өмір салты мен хоббиіне, кәсібіне және араларыңыздағы қарым-қатынас деңгейіне баса назар аударған жөн.

Аружан АЛПЫСБАЙ

Өзгелердің жаңалығы