8 млн долларды әкетуге жол берілген жоқ – ҰҚК

18 Шілде 2022, 14:08
1192
Бөлісу:
8 млн долларды әкетуге жол берілген жоқ – ҰҚК

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бұл туралы ҰҚК қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен осы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан  8 млн АҚШ долларынан астам сомаға валютаны әкетуге жол берген жоқ.

Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды, - деп жазды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы