8 маусымға арналған ауа райы болжамы

8 Маусым 2023, 07:25
954
Бөлісу:
8 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері маусымның 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады сондай-ақ найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.

Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы