Жеңіс-75. Жармадағы "Катюша"

4 Мамыр 2020, 21:25
1771
Бөлісу:
Жеңіс-75. Жармадағы "Катюша"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс тақырыбы қашан да маңызды. Сол кезден қалған естеліктердің бірі әскери техника. Соғысқа дейін бір күн бұрын ұрыс алаңына әскерге БМ-13 реактивті артилерияның ұрыс машинасы қолданысқа алынды. Кейіннен бұл машинаға формальды емес "Катюша" атауы берілді.

Осындай "Катюшаның" бірі қазіргі уақытта ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/18 мекемесінде тұр. Бұл машина бұрын түзеу мекемесінің орнында болған әскери бөлім кезінен қалған. Қазіргі уақытта техниканың кейбір бөлшектері жоқ болғандықтан, техниканы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қайта өңдеді. Мекеме басшылығы "Катюшаны" Жарма аудандық Жеңіс саябағына  беруге шешім қабылдады - делінген ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы