70 мыңнан аса әйел арнайы пойыз вагондарын пайдаланды

19 Қыркүйек 2024, 14:25
325
Бөлісу:
70 мыңнан аса әйел арнайы пойыз вагондарын пайдаланды
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Жазғы маусымның басынан бастап 70 мыңнан астам әйел "Жолаушылар тасымалы" АҚ әйелдер пойыз вагондарын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (55 мың) асып түсті. 

Биылғы жылы әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қосымша үш бағытта әйелдерге арналған вагондарын іске қосу туралы шешім қабылданды. 

Қазір әйелдерге арналған вагондар 11 бағыт бойынша қатынайды: 

- №354/353 «Астана - Семей», 

- №24/23 «Ақтөбе - Алматы», 

- №25/26 «Алматы - Шымкент», 

- №77/78 «Алматы - Маңғыстау», 

- №351/352 «Алматы - Өскемен», 

- №45/46 «Павлодар - Түркістан»,

- №37/38 «Маңғыстау - Семей», 

- №47/48 «Атырау - Астана», 

- №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1», 

- №4/3 «Астана - Алматы-2», 

- №71/72 «Астана - Шымкент». 

Барлық жолаушы әйелдер үшін қолжетімді болу мақсатында, әйелдер вагондарына билеттердің бағасы стандартты билеттердің құнымен теңестірілген. Әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады. Сонымен қатар олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Әйелдер вагондарына билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол вокзалдарындағы кассаларынан сатып алуға болады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы