7 тамызда 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

7 Тамыз 2023, 06:20
482
Бөлісу:
7 тамызда 2 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы 7 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы