7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

7 өңірде дауылды ескерту жарияланды
405

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 13 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан,  жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.  

Петропавл қаласында 13 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.           

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында 36-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Атырау облысының шығысында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы