7 айда 37,5 млрд доллар: Елдегі шикізаттық емес тауар экспортының қарқыны жоғары – министрлік

19 Қыркүйек 2022, 12:06
1042
Бөлісу:
7 айда 37,5 млрд доллар: Елдегі шикізаттық емес тауар экспортының қарқыны жоғары – министрлік

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Өмірбек Баштай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шикізаттық емес тауарларды сыртқы нарықта ілгерілету мәселесі басым бағыт болып саналады. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі мен қызметін 41 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойды. Ол үшін бізде экожүйе, сондай-ақ қолдаудың қаражаттық шаралары құрылды, - деп атап өтті ведомство өкілі трансшекаралық сауданы басқару бойынша жаңа оқу бағдарламасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, биылғы жеті ай ішінде шикізаттық емес тауарлар экспорты 37,5 млрд долларды құраған. 

Егер әлемдік нарықтағы құбылмалылық туралы айтар болсақ, Қазақстанның көрсеткіштері өте жақсы. Жеті айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 37,5 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Осындай қарқынмен біз көрсеткішті 4%-ға асыра орындауды жоспарлап отырмыз. Бет алысымыз жақсы және алға қойған міндеттерге қол жеткізуіміз тиіс, - деді Өмірбек Баштай.

Еске сала кетейік, бүгін елордада еліміздің экспортпен айналысатын барлық кәсіпкерлері түрлі салалар бойынша тегін курстар басталды.  

Өзгелердің жаңалығы