Елдегі экспортпен айналысатын кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

19 Қыркүйек 2022, 11:13
1601
Бөлісу:
Елдегі экспортпен айналысатын кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

Еліміздің кәсіпкерлері түрлі салалар бойынша тегін курстардан өту мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада трансшекаралық сауданы басқару жөніндегі жаңа оқу бағдарламасы басталды. Бағдарламаға сәйкес бизнес өкілдері халықаралық сауда ережелерінен бастап, экспорттық рәсімдерге, транзиттік бағыттарға, сапа және сәйкестік стандарттарына бейімделе алады. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың нарыққа қоятын нақты талаптарынан бастап, түрлі салалар бойынша тегін курстардан өтуге болады. 

Елдегі экспортпен айналысатын кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

Менің ойымша, бұл курстар проблемалық-бағдарланған тәсілдің арқасында қатысушыларға экспортқа жақсы дайындалуға көмектеседі. Біздің онлайн режиміндегі семинарларда да әдіснамамыз тексерілді, сынақтан өтті және нұсқаушылар мен қатысушылардан көптеген оң пікірлер алды. Оқу бағдарламасы қазақстандық бизнеске практикалық білім мен шынайы өмірден кейстер алу арқылы өз өнімдерін өңірлік және халықаралық деңгейге экспорттауға жақсы дайындалуға көмектеседі деп күтілуде, - деп атап өтті Халықаралық сауда орталығының менеджері Шон Лейк. 

Алдағы уақытта қосымша курстар ұсынатын оқу бағдарламасы қазір жұмыс істеп жатқан және әлеуетті экспорттаушыларға онлайн форматта да, жеке түрде де ұсынылады. 

Тренингті Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі – Халықаралық сауда орталығы әзірлеген. Халықаралық сауда орталығы Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінде экспорттаушылар бетпе-бет келетін нақты проблемаларға назар аударып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы