7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

6 Қараша 2019, 14:28
1548
Бөлісу:
7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7-9 қараша күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Ресейдің Еуропалық бөлігінен Оралға атмосфералық фронттармен кезекті циклон ығысуда, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында қайта күрделі метеорологиялық құбылыстар: жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасынмен екпінді батыс желі келеді. Ал циклонның артынан келетін арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан кезекті суық антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында күннің суытуына себепші болады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы