Арыста 6924 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды

12 Тамыз 2019, 22:05
1866
Бөлісу:
Арыста 6924 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7%-ға жетті.  Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Арыс қаласында жалпы тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7197 құрайды. Ал 433 баспананы толық қалпына келтірілетін болады. Жалпы осы уақытқа дейін 6924 үйде жөндеу жұмысы толық біткен. Бұл 90,7 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда 101 жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары басталған жоқ, оның 53 де үй егелері келісім бермей отыр», – деді Қайырбек Өскенбаев.

63601bf3-4150-4274-8fed-0bfd859b4c9d.jpg

Ал Арыс әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан  315 жұмысшы тартылған.

Арыстықтар сәрсенбі 14 тамыздан бастап 100 мың теңгені алуды бастайды. Бүгінде 57171 тұрғынның мекенжайы расталған. Кәмілетке толғандарға толық төлем карталары жасалған. Қала аумағында «Халық банкі» АҚ-нің 10 банкоматы орналасқан және қосымша Спорт кешені ғимаратына 8 банкомат уақытша орнатылды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлерімен тәулік бойына нарядтар қойылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы