65 мыңнан астам алматылыққа банк қызметтерін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

26 Қыркүйек 2022, 15:37
1455
Бөлісу:
65 мыңнан астам алматылыққа банк қызметтерін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

1 қазан күні 2021 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

65 мыңнан астам алматылық өз міндеттемелерін әлі орындаған жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлім етті.

Спикердің сөзінше, 1 қазан күні жылжымайтын мүлік және жер учаскелері меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Оған санаулы күн қалса да, 65 215 меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамаған.

23 қыркүйектегі жағдай бойынша 505 мың адамның 440 мыңы 2021 жылға жалпы сомасы 2,9 млрд теңге мүлік салығын төледі. 65 мыңнан астам тұрғын жалпы сомасы 945 млн теңге салықты әлі төлеген жоқ, - деді Қуаныш Түменбаев.

Сонымен қатар, ол борышкерлерге қандай шара қолданылатынын айтты.

Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін, мүлік салығын төлемегендер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие алу және тағы басқа. Бұл Салық кодексінде қарастырылған. Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады,- деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы