60-қа жуық семейлік түлек «Алтын белгіге» қол жеткізді

26 Шілде 2023, 18:36
805
Бөлісу:
60-қа жуық семейлік түлек «Алтын белгіге» қол жеткізді
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласында 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігі баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 жылғы 18 мамыр 5 шілде аралығында электронды форматта өткізілді. Түлектер қорытынды ҰБТ-ны екі рет тапсырды. Екі мүмкіндік те мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін жарамды.Түлектер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

Семей қаласы бойынша мектепті барлығы 2045 оқушы бітірді, оның ішінде 1871 түлек ҰБТ тапсырды (91,4 %). 59 түлек "Алтын белгі"иегері атанды, 169 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады. "Алтын белгі" белгісінің 59 иегерінің 57-сі ҰБТ тапсырды. "Алтын белгі" иегерлерінің ҰБТ орташа балы - 99,8 балды құрады. Ең жоғары 135 балды (140 балдан) Аружан Зарипова, "Алтын белгі" белгісінің иегері жинады. 131 балды "Алтын белгі" белгісінің иегері Томирис Жамалқанова, Мөлдір Дарынқызы жинады. 130 балды Мәди Жакенов, үздік аттестат иегері ("№15 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ) жинады, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ Семей қаласы бойынша 271 түлек 100-ден жоғары балл жинады.

Өзгелердің жаңалығы