6 шілде – Астана күні!

6 Шілде 2024, 09:08
984
Бөлісу:
6 шілде – Астана күні!

Астана күні құтты болсын! Осы уақыт аралығында елорданың тарихы, мәдениеті мен өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгерді. 

Астана ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды.
Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісіне атанып, бүкіл әлемге танылды.

Астана – әкімшілік және саяси орталық қана емес, Қазақстанның мәдени өмірі қайнап жатқан рухани жүрегі. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың қатысуымен ауқымды халықаралық мәдени іс-шаралар, фестивальдар, көрмелер мен концерттер өтеді. Елордада өтіп жатқан халықаралық форумдар мен съездер оның жаһандық диалог пен ынтымақтастықтың маңызды орталығы екенінің айқын дәлелі.

Аталмыш күн – елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше мереке. Астана – мемлекетіміздің бейбіт әрі сындарлы саясатының, еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашағының, бүкіл елдің татулығы мен тұтастығының көрінісі. Қарқынды дамудың, мәдени және жаңашыл басталамаларды қолдаудың арқасында Астана жаңа Қазақстанның символына айналды.

Өзгелердің жаңалығы